Құрметті тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы саласының қызметкерлері!
Сіздерді кәсіби мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймын!

Тұрғындардың өмір сапасын арттыру, қалалар, елді мекендердің тазалығы мен жайлылығын қамтамасыз ету – сіздердің күнделікті еңбектеріңіздің нәтижесі. Бұл саладағы тынымсыз жұмыс пен жоғары жауапкершілік өңіріміздің тұрақты дамуына және халықтың әл-ауқатының артуына зор үлес қосып келеді.
Сіздердің кәсіби біліктіліктеріңіз, еңбекқорлықтарыңыз бен өз істеріңізге адалдықтарыңыз – көпшілікке үлгі. Қыстың қақаған аязы мен жаздың аптап ыстығына қарамастан, тұрғындарға сапалы қызмет көрсету жолындағы еңбектеріңіз ерекше құрметке лайық.
Баршаңызға мықты денсаулық, отбасыларыңызға амандық, еңбектеріңізге табыс пен толағай жетістіктер тілеймін! Әр бастамаларыңыз сәтті болып, өңіріміздің дамуына қосар үлестеріңіз арта берсін!
Дастан РЫСПЕКОВ,
Ұлытау облысының әкімі.
