Есептен шығару куәлігін алу және пайдалану тәртібі

Қазақстанда наурыздың 15 күні Республикалық референдум өтетіні елге мәлім. Бұл – ел өміріндегі ең маңызды саяси науқан. Референдумда әрбір азамат еліміздің жаңа Ата Заңы үшін өз таңдауын жасауға тиіс. Ал, референдум күні дауыс беруші азамат өзі тіркелген жерінен тыс аумақта болатын болса, онда есептен шығару куәлігін пайдалануға болады.

Есептен шығару куәлігі дауыс беру күні өзі тіркелген учаскесінде бола алмайтын азаматтарға берілетін ресми құжат. Бұл куәлік арқылы дауыс беруші басқа елді мекендегі немесе уақытша болатын жеріндегі референдум учаскесінде дауыс бере алады. Мысалы, іс-сапарларда жүргендер, басқа қалада білім алып жатқан студенттер немесе денсаулығына байланысты басқа аймақта болатын азаматтар осы мүмкіндікті пайдалануға болады. Ол үшін наурыздың 14-і сағат 18:00-ге дейін есептен шығару куәлігін алуыңыз керек.
Алдымен, өзіңіздің учаскелік комиссияға жазбаша өтінішпен жүгініп, жеке басыңызды куәландыратын құжатты ұсынуыңыз қажет. Содан кейін дауыс беруші азаматқа комиссия есептен шығару куәлігін табыс етеді. Есептен шығару куәлігін сенім хат негізінде өкіл арқылы да алуға болады. Бірақ, сенімхатқа нотариаттық куәландыру талап етілмейді. Егер, есептен шығару куәлігі жоғалған жағдайда қайта қалпына келтірілмейді, түпнұсқасы да берілмейді. Бар болғаны, куәлікті бір-ақ рет пайдалануға болады.
Тағы бір айта кетерлігі, бір елді мекен ішіндегі басқа учаскеде дауыс бергісі келетін азаматтарға есептен шығару куәлігі берілмейтінін еске саламыз.
Ал, дауыс беру кезінде есептен шығару куәлігін алған азамат әуелі өзінің орналасқан жеріндегі учаскеге барып есептен шығару куәлігін көрсетеді. Сол жерде учаскелік комиссия оны дауыс беруге арналған тізімге аты-жөнін енгізеді.
Бұдан кейін жеке басыңызды куәландыратын құжатпен бірге куәлігіңізді көрсетіп, дауыс беруге мүмкіндік алаласыз. Бұл – әр азаматтың конституциялық құқығын жүзеге асыруының кепілі. Есептен шығару куәлігі – ол азаматтардың дауыс беру құқығын толық жүзеге асыруға мүмкіндік беретін маңызды құрал.
Сондықтан, 2026 жылғы 15 наурызда өтетін республикалық референдумда әрбір азаматтың дауысы – ел болашағы үшін маңызды. Әр азамат қай жерде жүрсе де, өз таңдауын жасауына мүмкіндік бар екенін ұмытпаған абзал.

Мақсұт АХМЕТОВ,
Ұлытау аудандық аумақтық
Референдум комиссиясының төрағасы.