Көпбалалы аналарға қолдау көрсетіледі
8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні орай, Ұлытау ауданының көпбалалы аналарына әлеуметтік қолдау шаралары қолға алынды. Аудандық мәслихаттың шешімімен «Алтын алқа», «Күміс алқа» иегерлері, бұрын «Батыр ана» атағын алған, сондай-ақ, I және II дәрежелі «Ана даңқы» орденімен марапатталған әйелдерге біржолғы әлеуметтік көмек көрсетіледі.

Аталған санаттағы аналарға 20 000 теңгеден төлем жасалады. Аудан бойынша бұл шараға 567 адам қамтылып, жергілікті бюджеттен жалпы 11 340 мың теңге бөлінген.
Облыс деңгейінде алғанда, Ұлытау өңіріндегі «Алтын алқа», «Күміс алқа», «Батыр ана» және «Ана даңқы» ордендерімен марапатталған аналардың саны 9 375-ке жетеді. Осы мақсатқа облыстық бюджеттен 187,5 миллион теңгеден астам қаражат қарастырылған. Қазіргі уақытта облыста әйелдер мен қыз-келіншектер саны 110 928 адам, бұл өңір халқының 50,7 пайызын құрайды.
Аналарды қолдау, олардың қоғамдағы мәртебесін арттыру және әлеуметтік тұрғыдан қорғау – Ұлытау өңірлік саясатының негізгі бағыттарының бірі. Мұндай шаралар көпбалалы отбасылардың әл-ауқатын жақсартуға және аналардың еңбегін құрметтеуге бағытталған.
Ізтай БЕЛГІБАЙҰЛЫ.
