Ұлытау облысында көпбалалы аналарды қолдауға 188 миллион теңгеге жуық қаражат бөлінді

8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні қарсаңында Ұлытау облыстық мәслихатының шешімімен бекітілген қағидаларға сәйкес, өңірдегі көпбалалы аналарға біржолғы әлеуметтік көмек көрсетіледі. Атап айтқанда, «Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен марапатталған, бұрын «Батыр ана» атағын алған, сондай-ақ I және II дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен наградталған әйелдерге 20 000 (жиырма мың) теңге мөлшерінде төлем беріледі.

Бүгінде өңір бойынша аталған санатқа жататын аналардың саны 9 375-ті құрайды. Бұл мақсатқа жалпы 187 500 000 теңге бағытталып отыр.

Қазіргі таңда Ұлытау облысында әйелдер мен қыз-келіншектер саны 110 928 адамды құрайды, бұл – облыс халқының 50,7 пайызы. Аналарды қолдау мен олардың қоғамдағы рөлін арттыру – өңір әлеуметтік саясатының басым бағыттарының бірі.