Президент: Халық Кеңесіне заң шығару бастамасы құқығы берілуі мүмкін
Мемлекет басшысы Халық Кеңесіне заң шығару бастамасы құқығын беру ұсынылғанын айтты. Бұл оның мәртебесін едәуір күшейтеді.

Жаңа органға Қазақстан халқы Ассамблеясының этносаралық және конфессияаралық келісімге қатысты базалық функциялары берілмек. Сонымен бірге Халық Кеңесі ішкі саясатты жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеп, мемлекеттік идеология, Конституция және маңызды құжаттарды түсіндіру жұмыстарымен айналысады.
Сондай-ақ Кеңеске Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшылары съезін және өзге де мемлекеттік маңызы бар гуманитарлық форумдарды өткізу міндеті жүктеледі.
