Көлік қозғалысына шектеу қою туралы

2026 жылғы 15 қаңтар сағат 17:00-де ауа райының бұзылуына байланысты республикалық маңызы бар келесі автожолдарда барлық көлік түрлерінің қозғалысына шектеу енгізілді:
📍Ұлытау облысы:
— «Қызылорда – Жезқазған – Қарағанды – Шідерті» автожолының 216-424 шақырым аралығындағы учаскесі (Қызылорда облысының шекарасынан Жезқазған қаласына дейін).
📍Қызылорда облысы:
— «Қызылорда – Жезқазған – Қарағанды – Шідерті» автожолының 12-216 шақырым аралығындағы учаскесі (Қызылорда қаласынан Ұлытау облысының шекарасына дейін).
Жолды 2026 жылғы 16 қаңтар сағат 07:00-де ашу жоспарланған.
1403 байланыс орталығына хабарласып, тәулік бойы қосымша ақпарат алуға болады.
