Ұлытау облысында жаңа спорт кешені пайдалануға берілді
«AMANAT» партиясының сайлауалды бағдарламасы аясында Ұлытау облысының Жезді кентінде 160 орындық денешынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысы толық аяқталып, салтанатты түрде пайдалануға берілді.

Ашылу рәсіміне Ұлытау облысының әкімі Дастан Рыспеков, «AMANAT» партиясы Ұлытау облыстық филиалының төрағасы Бауыржан Шыңғысов қатысып, өңір тұрғындарын жаңа спорт нысанының іске қосылуымен құттықтады.

Өңір басшысы өз сөзінде бұл нысан Мемлекет басшысының өңірлерді дамыту, азаматтардың өмір сүру сапасын арттыру және салауатты ұлт қалыптастыруға бағытталған мемлекеттік саясатының нақты нәтижесі екенін атап өтті.
