22 желтоқсанда қаңтар айында өтетін ҰБТ-ға қатысу үшін өтініш қабылдау басталады

Қаңтар айында өтетін ҰБТ-ға қатысу үшін өтініш қабылдау 22 желтоқсанда басталып, 30 желтоқсанға дейін жалғасады. ҰБТ-ға тіркелу Ұлттық тестілеу орталығының app.testcenter.kz сайтында немесе UTO  қосымшасы арқылы жүргізіледі. Тестілеудің өзі 10 қаңтар мен 10 ақпан аралығында өтеді.

Өтініш беру барысында қатысушылар тестілеу өткізілетін орынды, күнді жәнеуақытты өздері таңдайды.

2026 жылы Ұлттық бірыңғай тестілеудің форматы өзгермейді.

ҰБТ құрылымы бұрынғы қалпында қалады:

▫️Талапкерлер үш міндетті пәнді және таңдауы бойынша екі бейіндік пәнді тапсырады. ҰБТ тапсырмаларының жалпы саны – 120.
▫️Оның ішінде «Қазақстан тарихы» пәні бойынша – 20 тапсырма, «Оқу сауаттылығы» мен «Математикалық сауаттылық» пәндерінен – 10 тапсырмадан, сондай-ақ екі бейіндік пәннің әрқайсысынан – 40 тапсырмадан беріледі.
▫️ҰБТ бойынша ең жоғары балл да өзгермейді.