Ұлытау облысында Тәуелсіздік құрбандарына тағзым ету рәсімі өтті
Ұлытау облысының әкімі Дастан Рыспеков Тәуелсіздік күніне орай ұйымдастырылған Тәуелсіздік монументіне гүл қою рәсіміне қатысты.

Салтанатты іс-шараға Желтоқсан оқиғасының қатысушылары мен куәгерлері, ардагерлер, өңір ақсақалдары, жастар және жұртшылық өкілдері қатысты. Қатысушылар азаттық жолында құрбан болған боздақтарды 1 минут үнсіздікпен еске алды.


Рәсім барысында жиналған ұлытаулықтар Тәуелсіздік монументіне гүл шоқтарын қойып, ел тәуелсіздігі жолында жанын қиған азаматтарға тағзым етті.

Аталған іс-шара Тәуелсіздіктің тарихи маңызын ұлықтап, өскелең ұрпақтың бойында отансүйгіштік рухты қалыптастыруға бағытталды.
