Ұлттық бірыңғай тестілеудің шекті балдары жарияланды

Ұлттық тестілеу орталығы 2026 жылғы талапкерлер үшін ҰБТ-ның шекті балдарын жариялады. Тестілеу форматы өзгеріссіз қалады. Талапкерлер барлығы 5 пән тапсырады, оның үшеуі міндетті және екеуі бейіндік пән.

Міндетті пәндер бойынша шекті талаптар:

▫️Математикалық сауаттылық – 10 тапсырма, шекті балл: 3

▫️Оқу сауаттылығы – 10 тапсырма, шекті балл: 3

▫️Қазақстан тарихы – 20 тапсырма, шекті балл: 5

Бейіндік пәндер:

Екі пәннен барлығы 40 тапсырма беріледі. Әр пән бойынша ең жоғары балл – 50, шекті көрсеткіш –  5 балл.

Жалпы талапкер шекті ұпайды жинау үшін барлық пәннен ең төменгі көрсеткіштерді орындауы тиіс.