Президент Жолдауы қоғам тарапынан оң бағаланды

Мемлекет басшысының Жолдауы – ел дамуының стратегиялық бағытын айқындайтын аса маңызды құжат. Биылғы Жолдауда қоғам үшін өзекті мәселелердің барлығы қамтылған. Халықтың тұрмыс сапасын арттыру, әлеуметтік әділеттілік орнату, ауыл шаруашылығын дамыту, білім мен денсаулық саласын жетілдіру – барлығы да қазақстандықтардың күнделікті өміріне тікелей әсер ететін бастамалар.

Әсіресе жастарды қолдау, жаңа жұмыс орындарын ашу, кәсіпкерлікке жағдай жасау мәселелерінің назардан тыс қалмауы – болашағымыздың жарқын болуына жол ашады. Жолдауда айтылған әрбір міндет – елдің бірлігі мен ынтымағы болғанда ғана жүзеге асады. Сондықтан әрбір азамат Жолдаудағы мақсаттарға үлес қосып, ел дамуына атсалысуы қажет. Бұл құжат – халқымызды жаңа белестерге жетелейтін нақты бағдаршам.

Еркеназ БЕГАЕВА,
мұғалім.