Құрметті журналистер, бұқаралық ақпарат құралдарының қызметкерлері мен ардагерлері!

Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз – Бұқаралық ақпарат қызметкерлері күнімен шын жүректен құттықтаймыз!

Қазіргі кездегі экономикалық, саяси және қоғамдық үрдістердің қарқынды ырғағы біздің өмірімізде ақпараттың маңызды орын алатындығын айғақтайды.
Сіздер арқылы қалың жұртшылықтың жаңалықтар мен қажетті ақпарат алады, білімін толықтыра түседі. Сіздер қазіргі дәуірдің жылнамашысы ретінде барлық саланың дамуына, туған өлкені сүйіп, құрметтеуге, отансүйгіштікке тәрбиелеуге,
біздің қоғамдағы адамгершілік бастауларды нық қалыптастыруға елеулі үлес қосып келесіздер. Кей жағдайда бұқаралық ақпарат құралдарының көмегімен көкейкесті әлеуметтік түйіндерге назар аударып, оларды бірігіп шешу арқылы оң нәтижелерге қол жеткіземіз. Аудандық «Ұлытау» газеті де азаматтық қоғамның құрамдас бөлшегі ретінде билікпен бұқараның арасындағы дәнекер ғана емес, аймағымыздың толағай табыстар мен зор жетістіктерінің жаршысы болып келеді. Газетте орын алған оқиғаларға дер кезінде назар аударатын, өз ісіне адал, терең пайымды журналистер еңбек етеді. Біз – Сөз, Қоғам және Ар жауапкершілігін арқалаған ұлытаулық майталман журналистерді әрдайым мақтан тұтамыз.
Сіздерге шын көңілімізбен зор денсаулық, шалқар шабыт, шығармашылық табыс, отбастарыңызға баянды бақыт тілейміз.

Аманжол МЫРЗАБЕКОВ,
Ұлытау ауданының әкімі.
Ахат ҚҰРМАНСЕЙІТОВ,
аудандық мәслихаттың төрағасы.