Ұлытаулық полицей «Елорда кубогының» жеңімпазы атанды

Ұлытау облысы Полиция департаментінің қызметкері, полиция майоры Думан Бекмағанбетов Астана қаласында өткен «Елорда кубогы» турнирінде чемпион атанды.

Грепплингтен кәсіби спортшылар арасында ұйымдастырылған жарыста Думан Бекмағанбетов 84 келі салмақ дәрежесінде өнер көрсетіп, барлық қарсыласын жеңіп, алтын медальді иеленді.

Думан Бекмағанбетов көп жылдан бері спортпен белсенді түрде айналысып келеді және грепплингте бірнеше мәрте республикалық және халықаралық жарыстардың жеңімпазы атанған.

«Бұл жеңіс мен үшін үлкен мәртебе және жауапкершілік жүктейді. Мені әрдайым қолдап жүрген отбасыма, әріптестеріме және жанкүйерлеріме алғысым шексіз. Алдағы уақытта да Қазақстанның намысын халықаралық аренада абыроймен қорғауға дайынмын», – деді полиция қызметкері.