Ұлы Жеңіске – 80 жыл: Ерлік ешқашан ұмытылмайды
Ұлы Жеңістің 80 жылдығы – бұл халқымыз үшін аса маңызды, тарихи мәні терең мереке. Бұл күн – батырларымыздың ерлігі мен отансүйгіштігін еске алатын, олардың жанқиярлық еңбегіне тағзым ететін ерекше сәт.
80 жыл өтсе де, Екінші дүниежүзілік соғыстың зардабы мен жеңістің құндылығы ұмыт болған жоқ. Бұл – бейбіт өмірдің бағасын терең түсінуге үйрететін күн. Қан майданда жауға қарсы тұрған аталарымыз бен тылда еңбек еткен аналарымыздың рухына бас иеміз.
Бүгінгі ұрпақ сол жеңістің жемісін көріп отыр. Сондықтан бұл күн – тарихтан тағылым алып, бейбітшілікті бағалауға, ел бірлігі мен патриотизмді нығайтуға арналған. Жеңіс – біздің ортақ мұрамыз, оны сақтау – бәріміздің борышымыз.
Алмас БИБОЛОВ,
мал дәрігері.