ЖЕҢІСТІ ДӘРІПТЕУ – ЕРЛІККЕ ТАҒЗЫМ
Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай Ұлытау ауданының орталық кітапханасы және Ұлытау ауданы полиция бөлімі қызметкерлерімен бірлесе «Ерлік елге мұра – ұрпаққа ұран» тақырыбында майдангерлердің ұрпақтарымен тарихи сағат өткізілді.
Мақсаты – қазақ елінен соғысқа аттанған жауынгер ғысқа аттанған жауынгерлердің май дің майданда және тылда көрсеткен ерен ерлігін, кейінгі ұрпаққа дәріптеу. Кітапхананың фойе залында Ұлы Жеңістің 80 жылдығына жасақталған кең көлемді кітап көрмесіне кітапхана әдіскері Сандуғаш Ерғазықызы шолу жүргізді. Іс-шарада соғыс ардагерлерінің ұрпақтары Қуаныш Бекілдеков, Балымша Жарасбаева, Хайдарбек Ержанов, Ермағанбет Каренов, Зүбәйра Ершұманова, Роза Төлегенова, Айткүл Темірбекова, Балкүміс Қарабатырқызына сөз беріліп, әкелерінің Отан үшін отқа түскен өшпес ерлігін әңгімелеп берді. Ұлытау ауданының Қорғаныс істері бөлімінің бастығы, майор Дәурен Сәрсенбаев Ұлы Отан соғысы туралы батырлардың ерлігін айта келе құттықтау сөз сөйледі. Кітапхананың тұрақты оқырмандары, 6 сынып оқушылары Сезім Еламан, Мейіржан Шарипулла Ұлы Отан соғысының батыры М.Мәметованың «Анаға хат» монологын оқыса, Мәдениет үйінің күйшісі Жанагүл Кенжебай Құрманғазының «Адай» күйін күмбірлете тартса, Ұлытау ауданы полиция бөлімінің ақпарат және байланыс тобының аға инспекторы, аға лейтенанты Шолпан Меңлібай және Ұлытау ауданының прокуратурасының іс жүргізу инспекторы Дильназ Ермекбай «Ана»әнін шырқады. Ұлытау ауданының мемлекеттік архив мекемесінің маманы Гүлжанат Бекмурзина майдан хаттарынан құралған көрмесін түсіндірді. Ұлытау ауданы полиция бөлімі бастығының міндетін атқарушы, полиция подполковнигі Жәнібек Наурызбаев және полиция бөлімі бастығының орынбасары Аясын Арыстанбеков майдангерлердің ұрпақтарына ізгі тілектерін айтып, Алғыс хаттармен марапаттады. Ұлытау ауданы полиция бөлімі криминалдық полиция бөлімшесі жедел уәкілі, полиция майоры Баубек Рүстемов ҚР ІІО мінсіз қызметі үшін 10 жылдық, Жезді кенті полиция бөлімінің бастығы, полиция подполковнигі Нұрғалым Дүкенбаев ҚР ІІО мінсіз қызметі үшін 10 жылғы және 15 жылдық еңбегі үшін медалімен марапатталды. Кеш соңында кітапхана басшысы Салтанат Ниязова келген қонақтарға ризашылығын білдіріп, сыйлықтар табыстады.
Сандуғаш ДҮЙСЕНБАЕВА,
Ұлытау аудандық орталық кітапханасының әдіскері.