Еңбек адамының маңызы мен мәртебесі

2025 жыл Қазақстанда «Жұмысшы мамандықтар жылы» деп жарияланып, еңбек адамының мәртебесін көтеруге ерекше көңіл бөлініп отыр. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қоғамымызда еңбек адамы бірінші орында тұруға тиіс екені, шын мәнінде, барлық жетістіктің бастауы – адал еңбек және іскерлік екенін атап өтті.

Қоғамдағы стереотиптерді жойып, жұмысшы мамандықтарының беделін көтеру – барлығымыздың ортақ міндетіміз. Бүгінгі еңбек адамы – елдің экономикалық қуатын арттыратын, болашақ ұрпаққа үлгі болатын тұлға. Оның еңбегі әрдайым лайықты бағалануы тиіс!

Асылбек ОРАЗБЕК,
белсенді жас.