Еңбектің қадірін еңбеккер біледі

Еңбек адамы — елдің дамуы мен өркендеуінің негізгі қозғаушы күші. Ол таңның атысынан күннің батысына дейін адал еңбегімен өмірдің барлық саласында тынымсыз тер төгеді. Қоғам үшін, отбасы үшін, болашақ ұрпақ үшін жанын салып қызмет етеді. Еңбектің қадірін білетін, маңдай терімен нәпақасын табатын адам әрқашан құрметке лайық. Оның ісі — үлгі, өмірі — өнеге.

Бүгінде қай саланы алып қарасақ та, жетістікке жетудің негізінде еңбек жатыр. Ғалым болсын, дәрігер, ұстаз, құрылысшы немесе қарапайым жұмысшы болсын — барлығы ел үшін өз үлесін қосып келеді. Бұл адамдар мақтан мен даңқты көздемейді. Олар үнсіз еңбек етеді, бірақ олардың еңбегі – көзге көрінетін нақты нәтиже, тіршілік өзегінің арқауы.

Еңбек адамының бойында адалдық, төзімділік, табандылық сияқты қасиеттер ұштасып жатады. Мұндай адам уақыттың қадірін біледі, әр сәтін тиімді өткізуге тырысады. Ол қоғамдағы тұрақтылық пен үйлесімнің кепілі де бола алады. Себебі шын ниетпен атқарылған еңбек тек қана материалдық емес, рухани байлық та сыйлайды.

Еңбекті сүю, еңбек адамын қадірлеу — қазақ халқының көне дәстүрінде де ерекше орын алған. Ата-бабаларымыз “Еңбек түбі — береке”, “Еңбек етсең, емерсің” деп бекер айтпаған. Бұл сөздерден еңбектің адам өміріндегі маңызын анық көруге болады.

Қорыта айтқанда, еңбек адамы — бүгінгі қоғамның батыр тұлғасы. Оның маңдай тері мен қажырлы еңбегінің арқасында мемлекет алға басады, ел еңсесі көтеріледі. Осындай жандарға алғыс айтып, олардың еңбегін бағалау — әрбіріміздің азаматтық борышымыз.

Алмат БЕГАЕВ,
кәсіпкер.