Құрметті Ұлытау облысының тұрғындары!
Сіздерді бірлік пен татулықтың мерекесі, Наурыз мейрамының бастауы – Амал күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Амал мерекесі – халқымыздың ізгілік пен мейірімділікке негізделген рухани дәстүрлерінің бірі. Бұл күнде адамдар бір-бірімен қауышып, үлкендердің батасын алып, жақсылық пен жаңаруға қадам басады.
Қайта жаңғырып келе жатқан ұлық мерекеде жастардың үлкендерге деген құрметі байқалады. Тәрбиенің қайнар көзіндей болған дәстүріміздің ұрпақ тәрбиесіне қосар үлесі зор!
Ұлыстың Ұлы күні қарсаңында баршаңызға амандық, шаңырақтарыңызға құт-береке, елімізге тыныштық пен молшылық тілеймін!
Дастан РЫСПЕКОВ,
Ұлытау облысының әкімі.