ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитеті Ұлытау облысы бойынша департаментіне жаңа басшы тағайындалды
Жасұлан Рүстемов 1986 жылы 19 тамызда туған.
Д.А.Қонаев атындағы университетін «Ақпараттық жүйелер» мамандығы және Қазақ технология және бизнес университетін «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 2007 жылы «Фемида» заң колледжінде ақпараттық жүйелер оқытушысы болып бастаған.
2008-2013 жылдары ҚР Көлік және коммуникация министрлігінің «Ақпараттық-тұсаукесер орталығы» республикалық мекемесінде ақпараттандыру қызметінің техник-инженері және осы қызметтің бастығы болған.
Әр жылдары ҚР Көлік және коммуникация министрлігі Көліктік бақылау комитетінде бас сарапшы, ҚР Инвестициялар және даму министрлігі құжаттамалық қамтамасыз ету басқармасының басшысы, Жезқазған қаласы әкімі аппаратының басшысы болған.
Облыс құрылған сәттен бастап, 2024 жылдың қазан айына дейін Ұлытау облысы әкімі аппараты басшысының орынбасары болып қызмет етті.