Заң мен тәртіп – әділеттің басты кепілі

Президент Жолдауында қоғамда заң мен тәртіп идеологиясын терең орнықтыру қажеттілігін атап өтіп, сонымен қатар әскери құрылымдардағы тәртіпке басты назар аударып, әскер тақырыбын да айналып өткен жоқ.

«Әскер қатарында заң мен тәртіптің сақталуы – айрықша маңызды міндет. Жастар әскерге Отан алдындағы борышын өтеуге барады. Жас сарбаздарымыз өз міндетін алаңсыз орындауы үшін әскер қатарында, ең алдымен, темірдей тәртіп болуға тиіс. Қарулы күштер мен басқа да күштік құрылымдар осы талапты мүлтіксіз орындауы қажет. Әр ата – ана әскерге кеткен баласын мемлекетке сеніп тапсырады. Сондықтан сарбаздардың денсаулығы мен қауіпсіздігіне, ең алдымен, армия басшылығы және құқық қорғау мекемелерінің басшылары жауапты»,- дей келе әскердегі тәртіп пен заңның сақталуы, әскерде жүрген сарбаздардың денсаулығы мен қауіпсіздігіне назарды баса аударды.
Бұл сан саланы қамтыған, сараланған салмақты стратегиялық жоспар. Бұл жолдау халықтың көкейінде жүрген өзекті мәселелерді және нақты бағыт – бағдарымызды айқындағаны мәлім.
Халқымыздың бар қажеттіліктері ескеріліп, Әділетті Қазақстан құрылып жатыр. Жолдау болашағымыздың іргесін нықтауға міндеттейді.

Әміралі КЕНЖЕБАЕВ,
кәсіпкер.