Жолдау жарқын болашаққа бастайды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы бүгінгі мемлекеттік басқару жүйесін жедел түрде өзгерту керектігін айтты.

Билікке тың ойы бар, жалындап тұрған жастарды тарту қажет. Шенділердің жұмысы енді балдық жүйемен бағаланады. Осалдық танытқаны қызметінен кетеді. Ал белсенділерінің айлығы көбейеді – деп жалынды жастарға тағы үлкен серпін берді. Жолдау – жастардың бойында азаматтық позицияны арттырып, патриоттық сезімді оятты, жастарды осы қоғамға бейімдеп, келешекте өзінің отанына, қоғамдағы әлеуметтік жағдайларға бей-жай қарамай оған өзіндік үлесін қосуға шақырды. Қазақстанды «Мәңгілік ел» болуға лайықты деп халыққа жылылық пен сенім сыйлады!

Ардақ СҮЛЕЙМЕНОВ,
белсенді жас.