Экологиялық таза өнімдер ұсынды

Жыл сайын күзгі жиын-терін аяқталған кезде Елордада ауыл шаруашылығы өнімдерінің жəрмеңкесі өткізілді. Оған еліміздің əр өңірінің аграрлары артынып-тартынып барып, астаналықтарға өздері өндірген экологиялық таза өнімдерді ұсынды.

Осындай жəрмеңке биыл да ұйымдастырылды. 26-27 қазан күндері жəрмеңкеге Ұлытау облысының өнімдері қойылды. Өңіріміздің 40-қа жуық тауар өндірушілері Елорда тұрғындарына жалпы көлемі 100 тоннаны құрайтын ет өнімдері мен (сиыр еті, қой еті, жылқы еті) сүт өнімдерін (сүт, қымыз, шұбат, қаймақ, сары май, ірімшік, құрт) ұсынылды.
Бұл ортақ іске Ұлытау ауданының аграрлары да қатысты. Ұлытау селосы мен Сарысу, Байқоңыр ауылдық округтерінен фермерлер 40 тоннаға жуық сүт өнімдерін, қымыз, шұбат сынды ұлттық сусындарды жеткізді. Осылайша, Астана қаласының тұрғындары мен қонақтары фермерлерден тікелей өнім сатып алу мүмкіндігінен қол жеткізді.
Екі күнге созылған жəрмеңкеде астаналықтар Ұлытау аудандық Мəдениет үйі өнерпаздарының концерттік бағдарламасын тамашалады. «Елорда базары» сахнасында «Ұлытау сазы» этно-фольклорлық ансамблі Нұриден Оспановтың «Жолбарыстың жортуы» күйін күмбірлетіп, Нұржан Сүйінбаев Жақсыкелді Сейіловтың «Ұлытауым» əнін əуелете шырқады. «Жігіттер» триосы орындаған Байжұма Мақашевтың «Ұлытау» əні де тыңдармандарды сүйсіндірді.
«Адай» күйі Астана аспанын жаңғыртса, Рашид Жолдасбек жиналғандарға əуезді əндермен көтеріңкі көңіл күй сыйлады.

Ізтай БЕЛГІБАЙҰЛЫ.