Әкім сессияда есеп берді

Аудандық мəслихаттың кезекті сессиясында аудан əкімі Аманжол МЫРЗАБЕКОВ өзіне жүктелген функциялар мен міндеттерін орындау бойынша есеп берді.

Баяндама барысында 2024-2025 жылдарға ауыл шаруашылығы саласындағы егін, қысқы мал азығын дайындау, «Ауыл аманаты» жобасы іске асыру барысы, бюджет қаржысын игеру, мəдениет, спорт, білім беру саласындағы жетістіктерге тоқталып өтті. Ал, құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық, жол-көлік инфрақұрылымын дамыту бойынша атқарылған жұмыстарды жеке-жеке атап өтті.
Сессияда мандат иелері баяндама бойынша сұрақтар қойып, мəселені шешу бағытында тиісті жауаптар берілді.
Орайы келгенде айта кетейік, сессияда Ұлытау ауданының «Құрметті азаматы» атағын беру мəселесі де талқыланып, сессия шешімімен бекітілді.
Сессия соңында сөз алған Аманжол Батырбекұлы атқарушы жəне өкілді органның жұмыстарын жүйелі түрде ұйымдастырып, облыс басшысы тарапынан қойылған міндеттер мен талаптардың, мемлекеттік бағдарламалардың сапалы əрі мерзімінде орындалуын, ауданның əлеуметтік-экономикалық, қоғамдық-саяси, мəдени-рухани дамуын қамтамасыз етуде бірлесіп жұмыс ұйымдастыруға шақырды.

Өз тілшімізден.