ОБЛЫС ӘКІМІ РЕФЕРЕНДУМДА ДАУЫС БЕРДІ
Ұлытау облысының әкімі Берік Әбдіғалиұлы Жезқазғандағы ЖББ №24 мектепте орналасқан №213 учаскеге келіп, өз таңдауын жасады. Өңір басшысы референдумның маңызына тоқталды.
«Референдум — «Естуші мемлекет» тұжырымдамасының аясында халық үніне құлақ асу үшін ұйымдастырылып отырған ауқымды іс-шара.
Қазақстандағы барлық тұрғын бүгін дауыс беру мүмкіндігіне ие болып жатыр.
Мен де өз елімнің еркін азаматы ретінде учаскеге келіп, ел ертеңіне бей-жай қарамайтын жерлестеріммен бірге дауыс бердім», – деді өңір басшысы Берік Әбдіғалиұлы өз сөзінде.