АЭС – бізге қажет
Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев 2 қыркүйек 2024 жылы «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Қазақстан халқына Жолдауын жариялаған болатын. Қазіргі кезде елімізде энергия көздерінің тапшылығына тоқтала келе АЭС салу мәселесі айтылды.
Менің ойымша, Атом электр станциясының құрылысы – бұл көптеген салалардың дамуын өзінің соңынан тартатын жоғары технологиялық процесс.
Құрылыс бір жыл емес, он жылдаған уақытты қамтиды. Ол ғылым үшін, өнеркәсіп, кадрлар даярлау үшін де сөзсіз тиімді болады деп ойлаймын.
АЭС құрылысы экологиялық жағынан қауіпсіз болғандықтан, экономиканың тұрақты дамуына қол жеткізуге септігін тигізеді Сондықтан да көпшілік халық референдумда АЭС салуды қолдайды деп сенім білдіремін. Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев Үкіметтің кеңейтілген отырысында «Бізде инвестицияны былай қойғанда, таза атом энергиясы жоқ болса, экономикамызды құлдыратып аламыз, аймақтағы көшбасшылығымыздан айырыламыз. Сондықтан бізге электр энергиясы, атомдық таза энергия қажет» деп, оның маңызын кəсіби тұрғыдан түсіндірудің қажеттілігіне көңіл аударды. Атом энергиясы үздіксіз энергия өндірудің жалғыз ғана көзі ретінде мойындалған. Бүгінгі күні еліміздің барлық өңірінде өткізілген АЭС салу мәселесіне қатысты қоғамдық талқылаулар, кездесулер ұйымдастырылуда. Нәтижесі 6 қазанда өткізілетін Жалпыхалықтық референдумда анықталады.
Назира ҚАСЫМБЕКОВА,
Шеңбер ауылдық округінің тұрғыны.