Ойын алаңы пайдалануға берілді
Борсеңгір ауылында балалар ойын алаңы қолданысқа беріліп, ашылу рəсімі өткізілді. Ашылу салтанатына ауыл əкімі Қанат ƏУБƏКІРОВ қатысып, жылы лебізін білдірді.
Былтыр облыс əкімі Берік Əбдіғалиұлының Борсеңгір ауылы тұрғындарымен кездесуі барысында ауыл тұрғындары тарапынан жаңа үлгідегі балалар ойын алаңын орнатуға өтініш түскен еді. Тұрғындар өтінішіне сəйес, аудан басшысы Аманжол Мырзабековтың ұсынысы негізінде аудандық бюджеттен қаржы бөлініп, нəтижесінде жаңа ойын алаңы бой көтерді.
Сондай-ақ, биылғы жылы аудан орталығы Ұлытау ауылында да жаңа балалар ойын алаңын салу жоспарланып отыр.
Ізтай БЕЛГІБАЙҰЛЫ.