ҰЛТТЫҚ КИІМ — ҰЛТ БЕЙНЕСІ
Ұлытау облысында «Ұлттық киім – ұлт бейнесі» ұлттық киімдер мен зергерлік бұйымдар көрмесі өтті.
Көрме аясында ересектер мен балаларға арналған нео-этно стиліндегі ұлттық киімдерді Алматы, Семей, Павлодар, Шымкент, Қызылорда қалалары мен жергілікті этнодизайнерлері Fashion-шоу арқылы таныстырып өтті.
Зергер мамандар мен қолөнер шеберлері өз кəсібінің қыр-сырымен, əшекей бұйымдарды құрастыру, кесте жəне көркемдік іс тігу əдістерімен таныстырып, өздерінің тәжірибелерімен бөлісті.
Сонымен бірге, шара барысында әшекейлер мен ұлттық бұйымдардың жәрмеңкесі ұйымдастырылды.