ЖЕЗҚАЗҒАНДАҒЫ ЛОМОНОСОВ КӨШЕСІ АСФАЛЬТТАЛДЫ
750 метр жолға орташа жөндеу 1 мамырда басталған.
Атқарылған жұмыстарды Ұлытау облысының әкімі Берік Әбдіғалиұлы бақылап, жолдың бойын қоқыстардан, қураған ағаштар мен арамшөптерден тазартуды тапсырды.
Айта кетейік, аталған аумақта бұрын-соңды асфальт жол мен жаяу жүргіншілерге арналған арнайы жол болмаған.
Мердігер ұйым – «Алмас
Құрылыс Kazakhstan» ЖШС.