Қазақстанда мопедтер көлік құралына жатқызылып, тіркеуден өткізу міндеттеледі
Мәжіліс «Жол жүрісі туралы» заңға және Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекске заңнамалық түзетулерді бірінші оқылымда мақұлдады.
Орташа жылдамдық ұғымы енгізіліп, жылдамдық шегін бұзғандар жазаланатын болады.
Көлік құралдарын техникалық байқаудан өткізуге қойылатын талаптар да күшейтіледі.
Сонымен қатар азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыруды рәсімдеуі қажет.
Тағы бір маңызды талап – «А1» санатындағы жүргізуші куәлігін алу. Ол «А», «В» және «С» санатындағы жүргізушілерге қосымша дайындықсыз автоматты түрде беріледі.
Жүргізуші куәлігіне қатысты мәселелерді шешуге 6 ай уақыт беріледі.