Қадірменді жерлестер!

Сіздерді келіп жеткен Ораза айт мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!

Қасиетті мереке – барша мұсылманның бір-біріне ыстық ықыласын білдіріп, жақсылықты жаршылап қауышуына жол ашады.

Құрметті ұлытаулықтар!

Айлардың сұлтаны – Рамазанды өткізіп, бүгін, міне, ұлық мерекеге жетіп отырмыз. Өздеріңіз білетіндей, табиғаттың тосын келеңсіздігі біздің облысты да айналып өткен жоқ. Алайда азаматтарымыздың қасиетті Ораза айында жасаған өлшеусіз еңбегі мен игі істерінің арқасында адам шығыны мен ауқымды апаттан аман қалдық. Осы ретте адамгершіліктеріңіз үшін алғысымды білдіргім келеді.
Алдағы уақытта да сабақтастығымыз нығайып, татулығымыз арта түссін.
Шаңырақтарыңызға ырыс-береке, мол несібе тілеймін!

Берік ӘБДІҒАЛИҰЛЫ,
Ұлытау облысының әкімі.