Асыл жандар – құрмет құшағында

Халықтар достығы мен мәдениеті үйінде 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне орай салтанатты кеш өтті. Жиында Ұлытау облысының әкімі Берік Әбдіғалиұлы облыстың бірқатар әйел азаматын мерекемен арнайы құттықтады.

«Әлемнің бар мейірімі, тіршіліктің қайнар көзі, адамгершіліктің бастауы – әйел затының аялы алақанында. Отанға деген сүйіспеншілік, қайырымдылық пен іңкәрлік баршамыздың бойымызға қасиетті ана сүтінің арқасында дарыған. Ізгіліктің жолын қалыптастыратын асыл жандардың мерекесі — сыйластық пен асқан құрметті жоғары дәрежеде дәріптейтін атаулы күн»-деді өңір басшысы ақжарма тілегінде.

Жиында облыс әкімі Жезқазған бизнес және көлік колледжінің директоры Светлана Жумкина, Мемлекеттік қызмет саласының ардагері Рахыш Идрисова, 20 миллионыншы болып өмірге келген сәбилердің аналары Любовь Оспанова, Әйгерім Молдашева, Сәтбаев жылу, сумен жабдықтау кәсіпорыны ЖШС цех диспетчері Сайлаукүл Жетімекова ханымдарға ҚР Президентінің арнайы құттықтау хатын табыс етті.

Одан бөлек, қызметтің әр саласында еңбегі сіңіп келе жатқан бірқатар нәзік жандыға Ұлытау облысының Құрмет грамотасы табыс етілді.

Марапаттау рәсімінен кейін салтанатты кеш эстрадаға және өңірімізге танымал таланттылардың қатысуымен ұйымдастырылған концерттік іс-шарасымен жалғасты.