Аудан әкімі қос кентте болды
Жуырда Ұлытау ауданының əкімі Аманжол МЫРЗАБЕКОВ жұмыс сапармен Жезді жəне Қарсақбай кенттерінде болды.
Əкім алдымен Жезді кентінде салынып жатқан коммерциялық тұрғын үйлердің құрылысымен танысып, бірінші кезекте сапаға мəн беру керектігін ескертті. Содан кейін спорт кешеніндегі жүргізіліп жатқан жұмыс барысын қадағалап, тиісті тапсырма берді.
Ал, Қарсақбай кентіндегі жұмыс сапары кезінде ағымдағы жылы басталған Қарсақбай кентінен теміржол станциясына дейінгі ұзындығы 4,5 шақырым жолды жөндеу жобасы аясындағы жұмыстарымен танысты. Сонымен қатар, қолданысқа берілген су тазартқыш блок-модульдің жай-күйін де бақылады.
Аудан басшысы аралаған нысандар бойынша жауапты тұлғаларға мерзімінде жəне сапалы жұмыстар жүргізу керектігін ескертіп, нақты тапсырмалар берді.
Ұлытау ауданы әкімінің баспасөз қызметі.