АЙМАҚ БАСШЫСЫ АПАТ ОРНЫНА БАРДЫ
Облыс әкімі Берік Әбдіғалиұлы Сәтбаев қаласы Ұлытау-Қалмағамбетов көшелерінің қиылысындағы апатты жағдай орнына арнайы барды. «Сәтбаев жылу, сумен жабдықтау кәсіпорыны» ЖШС тарапынан бас кәріз коллекторын ауыстыру мақсатында қолға алынған жөндеу жұмыстары бүгін аяқталатыны баяндалды.
Апат болған жерде СЖСЖК ЖШС-нің 40 қызметкері төртінші күн қатарынан тәулік бойы жұмыс істеуде. Сонымен қатар, 1 УАЗ, 4 вакуумдық сорғы, 2 экскаватор, 2 самосвал, 2 кран, 1 су жеткізу көлігі, 1 тиегіш техникасы жұмылдырылған.
Еске сала кетейік, 17 қыркүйек күні түнде Сәтбаев қаласында кәріз коллекторының істен шығуына байланысты 21 қыркүйек сағат 00:00-ден бастап қалада шаруашылық, ауыз су тоқтатылған болатын.