ЖАСТАР ҮШІН ЖАРҚЫН МҮМКІНДІК
Аймақты дамыту үшін мықты кадрлар қажет, ал Президенттік кадр резерві мансаптық өсу мен тәжірибе жинауға мол мүмкіндік береді.
Осы орайда Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ұлытау облысы бойынша департаменті өңір жастарын жобаның үшінші іріктеуіне шақыру мақсатында жиын ұйымдастырды. Оған облыс әкімінің орынбасары Дастан Рыспеков қатысты.
Дастан Адайұлы Президенттік жастар кадр резервінің мүшесі ретінде жобаға қатысу бойынша өз тәжірибесімен бөлісіп, ұсыныстарын берді.
Сондай-ақ жобаға қатысуға ниет білдірген азаматтардың сұрағына толыққанды жауап беріп, сәттілік тіледі.