Жылу беру маусымына дайын

Биылғы күздің беті қатты. Шуағынан ызғары, ашығынан жауыны көп болып басталды. Қыстың қандай мінез танытары бір Аллаға ғана аян. Оған ерте бастан қамдық жасалмаса қыспаққа түсеріміз анық. Осы бағытта Ұлытау ауданы бойынша ауқымды жұмыстар қолға алынған.

Аудан əкімінің осы салаға жауапты орынбасары Аян Əбжамаловтың айтуынша, аудан аумағында орналасқан барлық автономды жылыту жүйелеріне ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілген. 37 автономдық жылу беру жүйелері мен олардың желілерін тазалап, шаю жұмыстары аяқталты. Қазір осы нысандар дайындық паспорттарын алуға əзірленуде.
– Ұлытау ауданы бойынша 2023-2024 жылдары қысқы жылу беру маусымында 37 автономдық жылу жүйесі жұмыс атқарады. Бұның ішінде мəдениет нысандарында – 6, денсаулық сақтау нысандарында – 4, білім беру нысандарында – 23, спорт нысандарында – 2 жəне өзге де мекемелерде – 2 автономдық жылу жүйесі жұмыс істейді. Осы 37 автономды жылу жүйесінде 76 жылу қазандығы бар, оның 21-і резервтік.
Аудан бойынша жалпы жылу беру маусымында қажетті көмір мөлшері тұрғындарды қосқанда – 57 300 тоннаны құрады. Оның ішінде: əлеуметтік–мəдени нысандардың жəне бюджеттік мекемелердің көмірге қажеттілігі – 8 140 тонна болса, тұрғындарға қажетті көмір мөлшері – 49 160 тонна.
Бүгінгі күнге, бюджеттік мекемелерге барлығы 765 тонна көмір тасылды. Атап айтқанда, денсаулық сақтау нысандарына – 570 тонна көмірдің 315 тоннасы, білім беру нысандарына – 4 950 тонна көмірдің 360 тоннасы, мəдениет нысандарына – 1339 тонна көмірдің 90 тоннасы тасылды.
Спорт жəне өзге де ұйым нысандарына көмірді сатып алуға мемлекеттік сатып алу конкурсы жұмыстары аяқталып, келісім-шарттар жасалды. Денешынықтыру жəне спорт нысандарына – 120 тонна, бюджеттік мекемелерге – 1180 тонна, төтенше жағдайлар бөліміне – 60 тонна көмір тасылады, – дейді аян Есенғалиұлы.

Аманкелді АҚШАЛ.