Құрметті жерлестер! Қадірлі ұстаздар мен оқушылар!
Баршаңызды 1 қыркүйек – Білім күнімен және жаңа оқу жылының басталуымен шын жүректен құттықтаймыз!
Оқушылардың жан-жақты дамуына, сапалы білім алуына бар мүмкіндікті қарастыру – біздің басты міндетіміз. Сол себепті аудан мектептерін жаңа заманға сай цифрлық білім беру ресурстарымен қамту, кеңжолақты интернетке қосу және видеоқұрылғылармен жабдықтау жұмыстары жалғасуда. Шындығында, ертеңгі күн бүгінгі ұрпақтың білімі мен тәрбиесіне төгілген тердің өлшемімен таразыланады. Сондықтан ел ертеңінің жарқын болуына, сауатты да салауатты ұрпақ қалыптастыруда мемлекет үшін білім саласы қашан да маңызды болып қала бермек.
Биылғы оқу жылында аудан мектептерінде 1 сыныпқа 180 оқушы қабылданды. Аудан бойынша бірнеше мектептерге биылғы оқу жылында жаңа модификациялық физика, биология, химия, робототехника кабинеттерімен жабдықталды. Сондай-ақ, бірқатар мектептерде ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді. Бұлардың барлығы оқушылардың сапалы білім алуы мақсатында атқарылып жатқан жұмыстар.
Қадірлі ұстаздар!
Сіздерге өскелең ұрпақты тәрбиелеу жолындағы еңбектеріңіз үшін алғыс айтамыз!
Баршаңызға зор денсаулық, еңбекте табыс тілейміз.
Еліміз аман, жұртымыз тыныш болғай!
Аманжол МЫРЗАБЕКОВ,
Ұлытау ауданының әкімі.
Ахат ҚҰРМАНСЕЙІТОВ,
аудандық мәслихаттың төрағасы.