Берік Әбдіғалиұлы Ұлытау облысындағы ҮЕҰ төрағаларын марапаттады
Ұлытау облысында «Азаматтық қоғам: Қазақстанның негізгі құндылықтарының дамуына қосқан үлесі» атты өңірлік азаматтық форумы өтті.
Іс-шараға өңір басшысы Берік Әбдіғалиұлы қатысып, «Ең үздік ҮЕҰ» байқауының қатысушыларын облыс әкімінің Алғыс хатымен марапаттады. Сондай-ақ аталған қатысушылар 100 000 теңгелік сертификатқа ие болды. Сонымен қатар Берік Әбдіғалиұлы «Ең үздік әлеуметтік жобалар» жәрмеңкесінің қатысушыларына да облыс әкімінің Алғыс хаты мен естелік сыйлықтарын табыс етті.
«Ұлытау облысы аумағында 403 үкіметтік емес ұйым, 35 этно-мәдени және діни бірлестік, 18 кәсіподақ ұйымы мен 7 саяси партияның облыстық филиалдары жұмыс атқарады.
Бүгінгі таңда еліміздегі азаматтық қоғам институттары мемлекеттің стратегиялық серіктесі және тірегі болып отыр.
Қоғамда азаматтық ұйымдардың рөлі күннен күнге артып келеді» – деді өңір басшысы өз сөзінде.
Айта кетейік, өңірлік азаматтық форумға ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің азаматтық қоғам істері комитеті төрағасының орынбасары, коуч-тренерлер, түрлі ауқымды жобалардың жетекшілері қатысты.