Алдағы жылыту маусымында көмірдің қажеттілігі – 110 мың тонна
Ұлытау облысында 2 көмір тұйығы мен 1 көмір қоймасы жұмыс істейді. Оларда бүгінгі күні 780 тонна көмір бар. Тәулігіне орташа есеппен 2 вагон 136 тонна көмір жеткізілуде.
2023-2024 жылғы жылыту маусымында халыққа қажетті көмір көлемі — 110 мың тонна. Бүгінгі күнге тұрғындарға 14,58 мың тонна көмір немесе 13,3% сатылған.
«ҚТЖ – Жүк тасымалы» ҰК» АҚ тарапынан халыққа көмір дайындау жоспарының орындалуына күнделікті мониторинг жүргізіледі. Темір жол қатынасы жоқ аудандарға көмірді автокөлікпен тасымалдау жұмыстары ұйымдастырылуда.
Аудан, қала әкімдіктері қолайлы ауа райында көмір сатып алу туралы халық арасында үгіт-насихат жұмыстарын жүргізуде. Бүгінгі күнде облыс аумағында көмірдің орташа бағасы 13 700 – 17 500 теңгені құрайды. Темір жол қатынасы жоқ аудандарда баға 18 000 – 20 000 теңгеге дейін жетеді.