«Даму» қорының кеңсесі ашылды

Аптаның басында өткен тағы бір айшықты шара – «Даму» кəсіпкерлікті қолдау қорының өңірлік кеңсесінің ашылуы болды.

Салтанатты шараға Ұлытау облысының əкімі Берік ƏБДІҒАЛИҰЛЫ мен «Бəйтерек» ҰБХ АҚ-ның Басқарма төрағасы Қанат ШАРЛАПАЕВ арнайы қатысты. Биыл кəсіпкерлік субъектілеріне, кəсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба аясында облыстық бюджеттен 136 млн. теңге қарастырылған. Сонымен қатар, банктердің несиелері бойынша пайыздық мөлшерлемені субсидиялауға облыстық бюджеттен 300 млн. теңге бөлінді. Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасатын болады.

– Өңірде жұмыс істеп тұрған шағын жəне орта кəсіпкерлік субъектілерінің саны 19 мың бірлік шамасында, өсім 30 пайызды құрады. Бөлшек тауар айналымының көлемі 45,4 млрд теңгені құрап, өсім 17 пайызды көрсетті. Қол жеткен табыстарымыз да, жетістіктеріміз де аз емес. Дегенмен, одан əрі жақсы көрсеткіштерге жету басты мақсатымыз, – деді кеңсенің ашылу салтанатында Ұлытау облысының əкімі Берік Əбдіғалиұлы.

Айта кетейік, Ұлытау облысының тұрғындары үшін «Даму» кəсіпкерлікті дамыту қорының кеңсесі Жезқазған қаласы, Бейбітшілік көшесі 43/1 мекенжайында қызмет көрсетеді.

Аманкелді АҚШАЛ.