«Жасыл елдің» жарқын істері

Өңір басшысы Берік Әбдіғалиұлы Ұлытау селосындағы «Жасыл ел» еңбек жасағының жастарымен жүздесіп, жұмыстарына сәттілік тіледі.

Шілде айында Ұлытау селосындағы жасақта 20, Жезді кентінде 5, Қарсақпай кентінде 5 мектеп жасындағы оқушылар мен студент жұмыс істеуде.

Жаз мезгілі басталғалы бері жалпы Ұлытау ауданы бойынша 60 бала жұмыспен қамтылған. Тамызда тағы да 30 ұлытаулық жас «Жасыл елге» қабылданады.