Вице-министр өндіріс орындарын аралап, тұрғындармен кездесті
ҚР Энергетика вице-министрі Әлібек Жамауов Ұлытау облысында жұмыс сапарымен болды. Сапар аясында вице-министр Берік Әбдіғалиұлымен кездесіп, өңірдің тыныс-тіршілігімен танысты.
Өңірімізге сапары барысында Әлібек Жамауов «Қазақмыс энерджи» ЖШС Жезқазған ЖЭО-ның жұмысын да назардан тыс қалдырған жоқ. Сонымен қатар, Әлібек Жамауовқа Жезқазған қаласының газ тарату желілерін салу жобасы ұсынылды.
Сапар соңында Әлібек Жамауов Сәтбаев жылу станциясына соғып, кәсіпорынның тыныс-тіршілігімен танысты.
Сонымен қатар, вице-министр жұмыс сапары аясында облыс тұрғындарымен кездесу өткізіп, жергілікті БАҚ өкілдеріне сұхбат берді.