Сәтбаевта жылу желісіндегі құбырлар жөнделуде
Алдағы жылу беру маусымына дайындық – ең маңызды бағыт.
Мердігер ұйым («Әлем құрылыс компаниясы» ЖШС) №3 магистральдық жылу желісіндегі құбырларды демонтаждау бойынша жұмыстар жүргізуде (көгалдандыру цехындағы жылу камерасынан Байзақов көшесіндегі ЖК-ға дейін, Ерден к-сі №49А үйдің жанындағы ЖК-дан №7 балабақшаның жанындағы ЖК-ға дейін).
Жұмыс көлемі айтарлықтай үлкен – диаметрі 630 мм болатын 1058 метр құбырды ауыстыру жоспарлануда.