Жезқазғанда Алғыс айту күні атап өтілді
Жезқазған қаласының халықтар достығы мен мәдениеті үйінде жыл сайын 1 наурызда елімізде атап өтілетін Алғыс айту күніне арналған концерт өтті.
️ Салтанатты іс-шара барысында Ұлытау облысының әкімі Берік Әбдіғалиұлы облыс тұрғындарын мерекемен құттықтап, түрлі қызмет салаларының белсенді қызметкерлерін марапаттады.
Іс-шараға этномәдени бірлестіктердің өкілдері, өңір жұртшылығы қатысты.
Жиында Алғыс айту күні еліміздің барлық азаматтарына құрмет көрсетудің және ортақ тарихымызды қастерлеудің тамаша мүмкіндігі екені айтылды.