Ұлытау облысының барлық қалалары мен аудандарында бос орындар жәрмеңкесі өтті
Ұлытау облысы бойынша Жезқазған, Сатпаев, Қаражал қалаларында және Жанаарқа, Ұлытау аудандарында жұмыссыздықты азайту мақсатында «Бос орындар жәрмеңкесі» өтті.
Жәрмеңкеге облыс бойынша 294 жұмыссыз азамат, 140 жұмыс беруші қатысып, түрлі салаларда 491 бос жұмыс орындарын ұсынды.
Жәрмеңке қорытындысы бойынша 163 адамға жұмыспен қамту орталығының мамандары кәсіби кеңес беріп, 52 адамға тұрақты жұмыс орындарына жолдама ұсынды. Сондай-ақ, 14 адам қоғамдық жұмысқа, 7 адам «Күміс жас» жобасына, 1 адам «Алғашқы жұмыс орны» жобасына, 1 адам әлеуметтік жұмыс орындарына жіберілді.
Кәсіптік қысқа мерзімді оқытуға 24 адам жазылды. Халықтың әлеуметтік осал топтары санатынан «Бастау Бизнес» оқуына 25 адам жіберілді.