Иісті газдан сақтаныңыз!

Иісті газ мүлдем иіссіз болып келеді, иісті газбен улану үрдісін адам мүлдем сезбей де қалуы мүмкін, ал ол жану əрекеті болған жерлердің бəрінде, тіпті духовкада да пайда болуы мүмкін. Адамның жұтып отырған ауасының құрамында 0,08% СО болған жағдайда адам бас ауруы мен тұншығуды сезінеді. СО концентрациясының 0,32% дейін көбеюі салдарынан сал болып қалу, есінен тану жағдайларына əкеліп соқтырады (30 минуттан кейін адам қайтыс болады). 1,2% жоғары концентрацияда адам 2-3 рет ауа жұтқанның өзінде-ақ 3 минуттан кейін қайтыс болып кетеді. Сол себепті бұл газ өте қауіпті.

Иісті газдың пайда болуының негізгі себептері – жану аймағында оттегінің жеткіліксіз болуы. Мұндай жағдайда ешқандай қаупі жоқ толық жану өнімі болып табылатын көмір қышқыл газының орнына иісті газ түзіледі. Иісті газдың адамға əсер ету механизмі, оның адам ағзасына түскеннен кейін қанға еніп, ондағы гемоглобин жасушаларын байланыстырып тастайтындығына негізделеді. Бұл жағдайда гемоглобин өзінің оттегі тасымалдау қызметінен толық айырылады. Адам иісті газбен көп мөлшерде тыныс алған сайын оның қанындағы гемоглобиндердің жұмысқа жарамдылығы төмендей береді. Адам тұншыға бастайды, бас ауруы пайда болады, есінен айырылады. Егер адамды дер кезінде таза ауаға шығармаса адам қайтыс болуы мүмкін.

Ауа құрамындағы СО концентрациясы неғұрлым жоғарылаған сайын, қандағы өмірге қауіпті карбоксигмоглобин концентрациясы көбейе береді. Мысалы, егер ауадағы иісті газ концентрациясы 0,02-0,03% құрайтын болса, мұндай ауаны 5-6 сағат бойы жұту кезінде 25- 30% карбоксигмоглобин концентрациясы түзіледі, егер ауадағы СО концентрациясы 0,3-0,5% болса, онда карбоксигемоглобиннің 65-75% деңгейіндегі өлімге əкеліп соғатын концентрациясы иісті газ ортасында адам тап болғаннан кейін 20-30 минуттың ішінде-ақ өзінің межесіне жетеді.

Иісті газбен улану белгілері: бұлшық ет əлсіздігі пайда болады, бас айналады, құлақта шу естіледі, жүрек айниды, лоқсу пайда болады, кей жағдайларда ұйқы келеді, кейде керісінше қысқа мерзімдік қозғалыстың бұзылуы пайда болады, естен танады, діріл, сіңір тартылу байқалады, кома жəне тыныс алу тоқтағаннан кейін шамалы уақыт соғуы мүмкін.

Адамдардың иісті газбен уланғаннан кейін 2-3 апта өткеннен кейін улану нəтижесінде қайтыс болу секілді жағдайлар да кездеседі. Кең тараған иісті газ көздері – газ жəне майлы пештер, ағаш пеші, газ құрылғылары, бассейндердегі су жылытқыштар жəне двигательдер, лақтырылып тасталынған, пайдаланылған газдар. Пештердің жарылуы, бітелген тұрбалар иісті газдың тұрғын үйдің ішінде пайда болуына əкеліп соғады. Пешке ауаның дұрыс келмеуі үйде иісті газдың жинақталуына əкеліп соқтырады. Үйлердің бір-біріне өте жақын орналасуы да иісті газбен улану қаупін арттырады. Өйткені олар еркін желдетуге кедергі жасайды. Иісті газбен уланғанда көрсетілетін алғашқы көмек – зардап шегушіні таза ауаға алып шығу керек. Егер зардап шегуші есін білсе, оны жатқызып, оның таза ауамен тыныстауын қамтамасыз ету қажет (газетпен желпу, желдеткіш немесе кондиционер қосу). Егер зардап шегуші есінен танып қалса, жедел жəрдем келгенше немесе есін жиғанша жүрегіне жабық массаж жəне жасанды тыныстандыру əрекетін жасау қажет. Естеріңізде болсын, зардап шегуші адамды иісті газ концентрациясы бар жерден алып шығу кезінде уланып қалмас үшін алдымен өзіңізді қауіпсіздендіріп алыңыз. Бұл үшін тез əрекет ету қажет жəне қол орамал немесе дəке арқылы тыныс алған жөн.

Жоғарыдағы айтылғандарды негізге ала отырып, үрейге салынбай, 101,112 байланыс телефондарына қоңырау шалып хабар жеткізіңіздер.

Медет ИСМАЙЛОВ,

Ұлытау ауданы ТЖ бөлімінің аға инженері,

азаматтық капитаны.