Жезқазғанда орамішілік жолдарды орташа жөндеу жалғасуда
Биыл мемлекеттік сатып алу туралы жасалған келісім-шарт шеңберінде «Жезқазған қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ мен «Рокада-а» ЖШС арасында облыс орталығының кварталішілік жолдарын орташа жөндеу жұмыстары жалғасуда.
Бүгінде аулаларға асфальт төсеу жұмыстары келесі мекенжайлар бойынша жүргізілуде: Раскова көшесі, 3, 5, 7; Аманжолов көшесі, 2; Холмецкий көшесі, 52. Қазіргі уақытта 1800 шаршы метрден астам асфальт жабыны төселді.
Жұмыстың аяқталу мерзімі – 2023 жылдың 1 тамызына дейін.