Жаңа жинақ – оқырман олжасы

Додалы топта аты озған Мұқаш ақын өзінің мерейтойы қарсаңында тамам жұртты тамсантып, ортаға тағы да бір олжа салды. Нақтылай түссек, оқырман қауымға «Дәридайдың дәптерінен» атты жаңа жинағын ұсынды.

Кітап аннотациясында атап өтілгендей, жинаққа өзінің бір шоғыр өлеңдері, әр кезеңде түрлі басылымдарда жарияланған мақалалары мен сыр-сұхбаттары топтастырылған. Сонымен қатар, танымал тұлғалардың автор туралы жүрекжарды жазбалары мен арнау өлеңдерге және табан астында тауып айтқан ұтымды уәждеріне де орын берілген.
Ұлытау ауданының әкімі Аманжол Мырзабековтің қолдауымен жарық көрген толымды жинақ Астанадағы «Кәусар» баспасында басылды.

Тәслима ОРАЗАЛЫҚЫЗЫ.