«Заң мен тәртіп» қағидаты аясында мектеп оқушыларына арналған танымдық кездесу өтті

Облыстық әмбебап кітапхана қызметкерлері полиция қызметкерлерімен бірлесіп, «Заң мен тәртіп» қағидаты аясында мектеп оқушыларына арналған танымдық кездесу өткізді.

Кездесу барысында жасөспірімдерге құқықтық сауаттылықты арттыру, заң талаптарын сақтау және қоғамдағы тәртіптің маңызы түсіндірілді. Сонымен қатар, оқушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, мамандардан нақты жауап алды.

Мұндай іс-шаралардың басты мақсаты – жас ұрпақтың құқықтық мәдениетін қалыптастыру және жауапкершілікті азамат болып өсуіне ықпал ету.