«Таза Қазақстан» – әр азаматтың жауапкершілігі

«Таза Қазақстан» бастамасы – еліміздің экологиялық мәдениетін қалыптастыруға бағытталған маңызды қадам. Қоршаған ортаның тазалығы – тек табиғаттың емес, бүкіл қоғамның денсаулығы мен болашағының кепілі.

Бүгінде тазалық мәселесі тек сенбілікпен шектелмей, күнделікті өмір салтына айналуы қажет. Әрбір азамат өз ауласын, көшесін, туған жерін таза ұстауға үлес қосса, бұл – үлкен нәтижеге жеткізетін ортақ іс болмақ.

Аталған бастама аясында жүргізіліп жатқан жұмыстар халықтың экологиялық жауапкершілігін арттырып, табиғатқа деген жанашыр көзқарасты қалыптастыруға ықпал етуде. Әсіресе, жастарды осы бағытта тәрбиелеу – болашаққа жасалған инвестиция.

Таза орта – сапалы өмірдің негізі. Сондықтан «Таза Қазақстан» – бұл бір реттік акция емес, әрқайсымыздың күнделікті дағдымызға айналуы тиіс.

Толқын ТАЛИПОВА,
Жастар ресурстық орталығының басшысы.