Тәуелсіздік күні қарсаңында полиция күшейтілген жұмыс режиміне көшті

«14 желтоқсаннан бастап мерекелік іс-шаралар өтетін жерлерде, сондай-ақ азаматтар көп жиналатын орындарда және мемлекеттік қорғауға жататын нысандарда полиция нарядтары көбейтілді.

Жедел басқару орталықтарына қосылған бейнебақылау камераларының көмегімен бақылау күшейтілді», – деп хабарлады Ішкі істер министрлігі.